Білім күні Щучьеде жаңа мектеп-лицейі есігін айқара ашты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында жаңа 910 орындық қазақ мектеп-лицейі пайдалануға берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

Щучье қаласында жаңадан салынған мектептің ашылуы салтанаттына қатысқан облыс əкімі Сергей  Кулагин бұл жақсылыққа 25 жылдығын тойлап жатқан еліміздің тәуелсіздігінің арқасында қол жеткізілгенін айта келе, 1 қыркүйек - білім күні осында жиналған ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды қуаныштарымен құттықтады.

«Елбасының Н.Назарбаевтың мемлекеттік саясатының арқасында елімізде білім беру саласына зор көңіл бөлінуде.  Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде облысымызда 41 мектеп пайдалануға берілді. Бір ғана «Балапан» бағдарламасының арқасында облыс аумағында 337 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылып, 21 мың бүлдіршін орынмен қамтамасыз етілді.
2005-2015жылдар аралығында облыстағы білім беру мекемелерінің 686-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 11,7 миллиард қаржы жұмсалған. Биылғы жылы жалпы құны 1,5 миллиард теңгеге 15 білім ордасы жөндеуден өтті.
Соңғы 10 жыл ішінде жалпы құны  3,5 миллиард теңгеге 905 кабинет қазіргі заманғы оқу құралдарымен жабдықталды. Бүгін тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту аясында жаңа мектепті пайдалануға беріп отырымыз. Бұл баршамыз үшін үлкен қуаныш», -  деп атап өтті облыс әкімі.

Салтанатты шара барысында биыл алғаш рет мектеп табалдырығын атап отырған бірінші сынып оқушылары Рамазан Айсұлтан мен Малика Василеьева жаңа ғимараттың лентасын қиды.

Өз кезегінде ата-аналар атынан сөз сөлеген педагогика саласының ардагері Қайыркен Нұрымжанов ризашылық сезімін білдірді.
Еске сала кетейік, облыстық білім басқармасының дерегіне сүйенсек, қазіргі кезде, Ақмола облысында 599 мектеп, 579 балабақша, 38 колледж, 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 112,5 мың  оқушы мен 26,7  мың студент білім алуда. Облыста 36,7 мыңға жуық бала мектепке дейінгі білім алуда.  Биылғы оқу жылы облыс бойынша барлығы 14882 бала мектеп табалдырығын аттағалы тұр.

null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар