+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Білім: Қазақстан халықаралық рейтингтерде нешінші орында

2019 жылғы 21 қазан 10:45
Бөлісіңіз:
Білім: Қазақстан халықаралық рейтингтерде нешінші орында

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық білім халықаралық рейтингтерде нешінші орында екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда қазақ тілін оқытуда цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері талқыланды Жамбылда 1000-ға жуық оқушы қатысқан облыстық слет өтті Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Білім және ғылым министрінің айтуынша, Қазақстан 2017 жылдан бастап білім беру және инновациялық саясат жөніндегі ЭЫДҰ комитеттерінің мүшесі. IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде «Білім» субфакторы бойынша әлемнің 64 елінің арасында Қазақстан 26-шы орында. Осы рейтингтің 20 көрсеткішінің бестігінде Қазақстан бірінші орында тұр.

2019 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ДЭФ ЖБИ) «Дағдылар» факторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 57-орынға ие болды. Сондай-ақ, 2019 жылы «WorldSkills International» халықаралық байқауында біздің құрама 14 орынды иеленді.

- Егер, PIRLS зерттеуінде мәтінді түсіну және оқу сауаттылығы бойынша біздің оқушылар 27 орында болса, TIMSS зерттеуіндегі математика және жаратылыстануда академиялық білім бойынша мықтылардың бірі және көшбасшы елдердің ондығына кіреді. PISA-2018 нәтижелері осы жылдың желтоқсанында белгілі болады, - деді Асхат Аймағамбетов.

PIRLS, TIMSS, PISA — әр түрлі білім салалары мен түрлі жас ерекшеліктері үшін сауаттылық көрсеткіштері болып табылады. Егер, PIRLS бастауыш сынып оқушыларының сабақ үстінде оқыған материалды пайдалана білу қабілетін көрсетсе, TIMSS жаратылыстану-ғылыми және математикалық білімнің сапасын өлшейді. PISA жасөспірімдердің дағдыларын бағалайды.

2018 жылы Қазақстан TALIS халықаралық зерттеуіне алғаш рет қатысты. Бұл мектептердегі мұғалімдерді, директорларды және білім беру ортасын зерттеудің ең ауқымды түрі. Зерттеу нәтижелерін ЭЫДҰ елдерінің нәтижелерімен салыстыруға болады, кейбір позицияларда артықшылықтары бар. Мысалы, қазақстандық мұғалімдер ЭЫДҰ елдерінің көптеген мұғалімдерінен 3 жылға жас, орташа жасы - 41 жас. ЭЫДҰ елдерінде - 44. Қазақстан ең жас директорлары бар топ-7 елдің қатарына кіреді. Мұғалімдердің 86%–ы кәсіби даму олардың оқытушылық практикасына оң әсерін тигізгенін айтты (ЭЫДҰ-82%).

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT