Білім грантында оқитындардың жолақысын өтеу тәртібіне өзгеріс енгізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім грантында оқитын студенттердің жолақысын өтеу тәртібіне өзгеріс енгізуді көздейтін бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжаттың толық атауы - «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы.

Ол бойынша жол жүруге өтемақы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың мынадай санаттарына төленетін болады:

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарға жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезеңінде, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының түлектеріне - жылына бір рет 2 еселенген АЕК мөлшерінде;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттарға жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезеңінде 4 еселенген АЕК мөлшерінде;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына-жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне - жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

Аталған өтемақы берілуі үшін бұйрықтағы санатқа жататын тұлғалар жол жүру шығынын растайтын құжатты өтінішпен бірге өткізуі керек.

«Жол жүру үшін өтемақы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының академиялық күнтізбесіне сәйкес қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жол жүргенін растайтын құжаттар (электрондық билеттер, билеттің көшірмелері) болған кезде төленеді», - деп жазылған бұйрықтың жобасында.


Соңғы жаңалықтар