Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылдық квота бойынша білім алған жастардың грантты еңбекпен өтеу мерзімі 2 жыл болып қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс.

« Ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді», - делінген өзгеріс енгізіліп отырған құжатт а .

Сондай-ақ, бұрын квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады.

«Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары» , - деп айқындалған қаулыда.

Еске сала кетсек, осыған дейін 80 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш бергенін жазып едік.




Фото: www.xronos.gr

Соңғы жаңалықтар