+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Білім гранттарын тағайындау жүйесінде өзгеріс болады - БҒМ

2019 жылғы 14 наурыз 15:21
Бөлісіңіз:
Білім гранттарын тағайындау жүйесінде өзгеріс болады - БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл магистратуға бөлінетін білім гранттарына қатысты бірқатар өзгерістер болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұловтың айтуынша, бүгінде білім гранттарын тікелей жоғары оқу орындарына таратуға басымдық берілмейді. ҰБТ-да жоғары ұпай алған мектеп түлегі қай оқу орнын таңдаса, сол жерге грант беріледі. Осылайша, жан басына қарай қаржыландыру жүйесі біртіндеп енгізіліп келеді.

«Өткен жылы аталған бастама магистратуда 21 мамандық бойынша сынақтан өткізілген болатын. Биыл заң нормалары бойынша магистратура бөлімі грант тағайындаудың жаңа моделіне толығымен көшеді. Осының арқасында магистратураға түскен адам грантты алады да, жоғары оқу орнын өзі таңдайды. Соған қарай мемлекеттік тапсырыс та жасалады, жоғары оқы орындары грантқа түскен магистранттардың таңдауына қарай қаржыландырылады», - деді Т.Ешенқұлов ҚР Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстелде.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, гранттарды тағайындаудың жаңа жүйесі тек докторантураға ғана қатысы жоқ. Ол жерде бұрынғыдай мемлекеттік тапсырыс тікелей жоғары оқу орындарына беріледі.

«Жалпы, соңғы үш жылдың ішінде мемлекеттік тапсырыс 1,7 есеге өсті», - деп атап көрсетті Т.Ешенқұлов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT