Білім беру және тәрбие жүйесі арқылы қазақстандық қоғамда азаматтық сәйкестікті толеранттылықты дамыту қажет

None
None
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Білім беру және тәрбие жүйесі арқылы қазақстандық қоғамда азаматтық сәйкестікті толеранттылықты дамыту қажет.

Бұл туралы бүгін Елбасы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

 «Ең алдымен білім және тәрбие беру жүйесі арқылы қазақстандық қоғамда азаматтық сәйкестікті толеранттылықты дамыту қажет. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында этносаралық қарым-қатынастар тақырыбын мәдениетті түрде таратып, қазақстандықтардың құқықтық мәдениетін жоғарылату керек», деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Н. Назарбаев Білім және ғылым министрлігіне қазақстандық қоғамның ерекшелігін ескере отырып, этно және саяси мәдениет білімін дамыту бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды даярлауды тапсырды. «Мектептер мен жоғары оқу орындарында «толеранттылық негізі» факультативтік курстарын енгізу керек», деді Елбасы.  БАҚ құралдарында этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды мәдениетті түрде дамыту керектігіне тоқталған Мемлекет басшысы, «бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып, тиісті заңдар қабылданды. БАҚ-да этносаралық тақырыптарды тарату бойынша кодекс жұмыс істеуде. Бұл тәжірибені одан әрі дамытып, қазақстандық отансүйгіштікті белсенді түрде насихаттау қажет», деді. Осы орайда Президент Ассамблея жанынан этносаралық қатынас мәселелері бойынша алдыңғы қатарлы журналистер мен сарапшылардан құралған арнайы клуб құруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар