Білім беру ұйымдарының 75%-ы лицензиясы бар күзетпен келісім жасады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде білім беру ұйымдарында (балабақша, мектеп, колледж) қауіпсіздікті арттырып, тиісті құрал-жабдықпен қамту жұмысы жалғасып жатыр. Толығырақ оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде еліміздегі білім беру ұйымдарының 75%-ы лицензиясы бар күзетпен келісімге келді. Дабыл батырмасымен мектептердің 92%-ы қамтылса, турникет мектептердің 61%-да орнатылған. Бұл бағыттағы жұмыс біздің министрлік және әкімдіктермен бірлесіп жалғасын тауып жатыр. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі Үкімет отырысында қаралып, Премьер-министр жаңа оқу жылында еліміздегі барлық білім ошақтарын 100% жабдықтауды жүктеді», - деді Еділ Оспанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, аталған мәселе министрліктің жіті бақылауында.

«Әкімдіктер білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамту жұмысына жергілікті бюджет есебінен 12,7 млрд теңге қаржы бөлді. Бүгінде тиісті құрал-жабдықтар сатып алынып жатыр», - дейді министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар