Білім беру ұйымдарындағы психологтерді даярлау сапасын арттыру қажет - Марат Ахметжанов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Білім беру ұйымдарындағы психологтерді даярлау сапасын арттыру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр полиция тарапынан 3 195 білім беру объектілерінде бұзушылықтар анықталды. Оларды жою бойынша нұсқамалар енгізілді. Оқу-ағарту министрі және әкімдіктермен бірлескен кеңестер өткізілді. Нақты нұсқаулар берілді. Тағы да бір төтенше жағдайдың болуын күтіп отыра алмаймыз! Сондықтан, шешімдердің орындалуына қатаң бақылау орнатуды ұсынамыз. Қазіргі уақытта объектілерде тексеру әлі де жалғасуда. Бірақ, оның аяқталуын күтпей, Оқу-ағарту министрлігі және әкімдіктерге, келесі тапсырмалар беруді сұраймыз. Біріншіден, қысқа уақытта мектептерді қауіпсіздік жүйелермен жабдықтау және кемшіліктерді жою бойынша жұмыстарды аяқтау қажет. Екіншіден, төтенше жағдай бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу керек. Үшіншіден, білім беру ұйымдарындағы психологтерді даярлау сапасын арттыру қажет», - деді министр.

Оның атап өтуінше, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, мектептерде оқушылар кемсітуге және қорлауға құрдастары тарапынан ұшырайды.

«Осындай балаларды ерте анықтау әдістемесін жасау және олармен жеке жұмыс жүргізуді пысықтау қажет. Бұл шаралар білім беру ұйымдарында қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп есептейміз», - деді Марат Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар