USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек - Аймағамбетов

2021 жылғы 6 желтоқсан 18:10
Бөлісіңіз:
Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек - Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Мемлекеттік аттестаудан өтпек болған балабақшалардың 80 пайызға жуығы аттестация рәсімінен өте алмады. Бұл - сапа бойынша сұрақ бар дегенді білдіреді. Осы уақытқа дейін балабақша деңгейінде мемлекеттік бақылау тетігі болмаған. Және де өздеріңіз жақсы білесіздер, балабақшалар лицензияны да алмайды. Лицензиясыз жұмыс істейді. Бұл шешім кезінде балабақшалардың санын жылдам ұлғайту үшін қолданылған болатын. Нәтижесінде қазіргі уақытта 3-6 жас аралығындағы балаларды 99 пайыз қамту көрсеткішіне жетіп отырмыз. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бірақ, бізге керегі – сапа. Ата-аналар тарапынан біраз сұрақ туындап жүргенін жақсы білеміз. Сондықтан мемлекеттік бақылаудың болуы өте маңызды. Осыған орай заңнамаға тиісті өзгертулер енгізіліп, біз бірінші рет балбақшалардың аттестациясын өткіздік», - деді ол министрліктің аппарат жиналысында.

Министрдің атап өтуінше, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын аттестаттау алдағы уақытта кеңінен қолданылатын болады.

«Аттестаттауды жыл бойы өткізетін боламыз. Жекеменшік болсын, мемлекеттік болсын барлық балабақшаға қажетті сапаны қамтамасыз ету бойынша бақылау болады. Сол бақылауға сай тиісті іс-шаралар да қабылданады. Бұл өте маңызды. Аттестаттауды қағаз толтыру рәсіміне айналдырмауымыз керек. Балабақша, мектеп, колледж деңгейінде бақылау өткізгенде құжат мәселесіне көңіл бөлмей, нақты сапаға назар аудару қажет. Аттестаттау және басқа да бақылау іс-шаралары қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек», - деді Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT