Білім беру саласында жемқорлық фактілері төмендеген- агенттік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елдегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда 2 жыл қатарынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің тұрақты төмендеу үрдісінің сақталуын атап айту керек. Бұл кешенді және жүйелі алдын алу шараларының, сондай-ақ азаматтық қоғам мен бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартылуының елеулі өсуінің нәтижесі. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар 17,7  пайызға аз тіркелген. Ағымдағы жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға төмендеді», - деді аталған агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.null 

Оның сөзіне қарағанда, бірқатар өңірлерде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Басқа облыстармен салыстырғанда, сыбайлас жемқорлықтың жоғары емес деңгейі Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында тіркелді.  Сонымен бірге, Жамбыл облысында оның 45 пайыздан астам, Қарағанды облысында 30 астам деңгейге  едәуір төмендеуі байқалды.

«Сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі бойынша оң үрдіс бірқатар орталық мемлекеттік органдарда орын алды. Мұнда жағдайды жақсарту бойынша Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика министрліктері  көш бастап тұр. Мұнымен қоса,  құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай төмендеуі білім және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында байқалды», - деді Жанна Бастарова.

Соңғы жаңалықтар