+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Білім беру саласына қосымша қолдау қажет - Төлеуғали Тайтөлеев

2021 жылғы 14 қыркүйек 17:55
Бөлісіңіз:
Білім беру саласына қосымша қолдау қажет - Төлеуғали Тайтөлеев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат —Ұстаз, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтөлеев бүгінгі білім беру саласына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов мектептердегі эпиджағдай туралы айтты Қазақстанда дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне үстемақы төленеді Асхат Аймағамбетов: Бір мектепте бірнеше спорт зал болуын қарастырып жатырмыз

«Бүгінгі білім берудің негізгі мақсатының бірі — бәсекеге қабілетті маман даярлау екенін ескерсек, ондай маманды даярлау үшін ұстаздарымыз әлеуетті, қамтамасыз етілген, жауапты, шығармашыл, ізденімпаз, өзгерістерге бейім болуы керек. Осының бәрі білім саласында іске асырылуда деуге болады. Ұстаздардың әлеуметтік жағдайы жасалуда, білім алушыларымыздың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасалып жатыр»,-деді ол.

Оның айтуынша, Тәуелсіздік алғалы бері елімізде білім беру саласында көптеген реформалар жүргізілді. Сондағы басты кемшілік — сол реформалардың кейбір кезде аяқсыз қалуы, дұрыстап орындалмауы. Сондықтан да білім беру саласына қосымша қолдау қажет болуда. Экономикалық және рухани тұрғыдан болсын.

«Жалпы, Білім мнистрі Асхат Аймағамбетов мырза бастаған ұжымның жұмыстарына толықтай көңілім толады. Себебі, қазіргі таңда білім беру саласының барлық саласында оң өзгерісті байқауға болады. Елімізде ұстаздарға лайықты қамқорлық жасалған. Оған дәлел 2019 жылы бекітілген» Педагог мәртебесі туралы« заңды айтсақ болады» деп өз ойын қорытындылады Т. Тайтөлеев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT