Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында елімізде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда білім беру инфрақұрылымын қолдау қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қор қаражаты есебінен мектептер мен интернаттар құрылысын іске асыру жоспарлануда.

Алматы қаласындағы А.Островский атындағы № 4 мектеп-интернатының қосымша ғимаратын салу белгіленген тәртіпте қараластырылады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігіне және Алматы қаласының әкімдігіне тиісті тапсырма берілді», - деп жазады вице-Премьер.

Сондай-ақ, интернатура гранттарының саны 70 пайыз артатынын еске салды.

«Медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлердің қажеттілігі мен өтінімдер бойынша қалыптастырылады. Өте тапшы мамандықтарды бөлу жоғары оқу орындарын өңірлендіруді ескере отырып, өңірлердің қажеттіліктері мен өтінімдері негізінде комиссиялық түрде қалыптастырылады. 2022 жылы «ересектер, балалар офтальмологиясы» мамандығы бойынша 80 маман оқытып шығарылды, ал 2023 жылы 75 маман шығару жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес резидентурада даярлау гранттарының санын 70% ұлғайтуға шаралар қабылдануда», - деп жазылғап жауапта.


Соңғы жаңалықтар