Білім басқармасы күйік шалған мұғалімінің оқиғасына байланысты түсінік берді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының білімі басқармасы мектеп шатырын жөндемек болып, үстіне ыстық битум төгілген мұғалімнің оқиғасына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың баспасөз қызметінің дерегі бойынша ауа райының салдарынан Зеленный Бор мектеп-гимназиясы ғимараты шатырының бір бөлігі бүлініп, су аққан.

«Келтірілген залалдарды мектеп әкімшілігі мұғалімдермен бірлесіп өздігінен жоймақ болған. Жөндеу жұмыстарына 3 педагог пен өзге де жұмысшылар тартылған. Өкінішке орай, тарих пәнінің мұғалімі Ринат Шарафутдинов бір шелек ыстық битуммен құлап, термиялық күйік алды. Қазіргі кезде мұғалім аурханада жатыр. Жағдайы қанағаттарлық. Облыстық білім басқармасының өкілдері жедел түрде онымен кездесу үшін аурханаға жүріп кетті. Осы оқиғаға байланысты жұмыс комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын анықтауда»,- деп түсіндірді Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, білім басқармасындағылар оқиға кезінде сол маңда оқушылардың болмағанын айтуда.

«Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ғимаратта сабақ аяқталғаннан бері балалар болған жоқ. Балалар тек мектеп жанындағы лагерьде, яғни, ғимарттың басқа корпусында болды», - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде Бурабай ауданының білім бөлімі, құқық қорғау органдары және еңбекті қорғау инспекциясының өкілдері тексеріс жүргізуде.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысының ІІД аталмыш оқиға байланысты ҚР ҚК 156 бабының 1 бөлімі (еңбек заңының сақталмауы) бойынша іс қозғап, соталды тергеу амалдарын қолға алған болатын.

Соңғы жаңалықтар