+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Білім басқармаларын жауып тастау керек - Дариға Назарбаева

2018 жылғы 5 желтоқсан 13:55
Бөлісіңіз:
Білім басқармаларын жауып тастау керек - Дариға Назарбаева

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева мектептерді тікелей қаржыландыруды ұсынып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Меніңше, ол ақша тікелей Астанадан бөлінетін болса, облыстық, қалалық және аудандық білім басқармалары мүлдем қажетсіз болып қалады. Бұл - өте маңызды мәселе. Себебі мектепке бюджет қаржысы бөлінгенде, ол ақша біраз уақыт жаңағы басқармаларда жатып қалады. Олар оны бүгін бере ме? Ертең бере ме? Ашығын айту керек, бюджет қаржысын үнемдейміз деп, толығымен бермеуі де мүмкін. Артынан кітаптарға, я болмаса, күрделі жөндеуге ата-аналардан жинай саласыңдар деп, жылы жаба салады. Ол жерде заңбұзушылықтар көп. Меніңше, ондай басқармалардың бәрін жауып тастау қажет», - деді Д.Назарбаева журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада оң тәжірибе де бар. Шетелде мектептерді тікелей қаржыландырады. Ондайда ҚР Білім және ғылым министрлігі ақпараттық теxнологиялар арқылы тікелей бақылау шараларын да жүргізе алады.

«Мысалы, қазір «Күнделік» деген тамаша бағдарлама бар. Бюджеттен көп шығын шыққан жоқ. Бірақ ішінде мектептер, оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар туралы көп ақпарат бар», - деп атап көрсетті Д.Назарбаева.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT