Білім бағдарламалары бағытындағы қазақстан-түрік ынтымақтастығы жалғасуда

None
None
   ЫСТАМБҰЛ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Білім бағдарламалары бойынша қазақстандықтардың Түркияда кәсіби тәжірибемен алмасу және тағылымдамадан өту саласындағы ынтымақтастық жалғасуда.

Атап айтқанда, желтоқсан айының басында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистранттарының тобы Түркияда тәжірибе алмасу жөніндегі бағдарлама шеңберіндегі тағылымдаманы аяқтады. Сапар Түркия үкіметі кеңсесінің жанындағы Ынтымақтастық пен үйлестіру жөніндегі агенттігінің (ТИКА) қолдауымен және ТР Әділет академиясы мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өзара іс-қимылымен ұйымдастырылды.

 Қазақстан делегациясы адам құқықтары саласының тәжірибесін зерделеді,  түрік соты төрелігінің, адам құқықтарын қорғау тетіктерінің, сөз бостандығы, әділ сот үкімін шығару және мүлікке ие болу құқығы жүйесімен танысты.

 Түркияда болған уақытта магистранттар Қазақстан Елшілігі ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шеңберінде ұйымдастырған «Н.Назарбаев - тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаушы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференциядан соң  магистранттар Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевпен кездесіп, оның барысында жекелеген элементтері қызығушылық туғызатын Түркияның сот жүйесі туралы әңгімеледі.

 Қазіргі күндері Анкарада түрік әріптестерімен кәсіби тәжірибемен алмасу үшін еліміздің барлық облыстарынан келген қазақстандық хирургтар мен анестезиологтар тобы (барлығы 20 адам) жүр. Бұл сапар да білім бағдарламалары шеңберінде Түркия үкіметі кеңсесінің жанындағы Ынтымақтастық пен үйлестіру жөніндегі агенттігінің (ТИКА) қолдауымен ұйымдастырылды.

 Қазақстанның емдеу мекемелерінің және жоғары медициналық оқу орындарының өкілдері түрлі ауруларға жасалатын отаға тікелей қатысу арқылы қазіргі заманғы емдеу әдістерімен және технологияларымен іс жүзінде танысуда. Тағылымдама Түркия астанасының ең алдыңғы қатарлы клиникалары мен ауруханаларында, соның ішінде Анкара ғылыми-зерттеу клиникасында, «Нумуне» ғылыми-зерттеу ауруханасында және Гази университетінің медициналық орталығында өтуде.

 Ал 6 желтоқсанда қазақстандық дәрігерлер Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевпен кездесті. Қатысушыларға қазақстан-түрік қатынастарының ағымдағы жай-күйі, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

 Өз кезегінде кездесуге қатысушылар түрік әріптестерінің біздің елімізбен жақынырақ танысуға білдірген қызығушылықтарын айтып, Қазақстан туралы материалдардың берілуі туралы өтініштерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар