Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Биліктің де, халықтың да жауапкершілігі болуы керек – Индира Рыстина

2022 жылғы 25 ақпан 20:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биліктің де, халықтың да жауапкершілігі болуы керек. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сұхбат берген ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық полиция қызметкерлері ұрып-соғады деп айып таға алмаймыз. Халық толығымен ереуілге шығып, барлығы да бүлік жасады деп айта алмаймыз. Себебі арасында жауапкершілігі төмен азаматтар бейбіт шеруге шыққан кезде тонау, біреуді ұрып-соғу фактілеріне жол берді. Бұл да сол азаматтардың бейбіт шеруге шыққан кездегі жауапкершілігінің жоқ екендігін көрсетеді. Билік пен халықты алып қарайтын болсақ, екі тараптың да жауапкершілігі болуы керек. Ішкі істер органдарын реофрмалайтын болсақ, реформа жасалуы тиіс дүние көп. Еліміз 30 жыл бойы реформаланып келеді. Бірақ, әрбір азаматтың, әрбір қызметкердің, шен иесінің жеке жауапкершілігі болмайынша бұл реформалар іске аспайды. Яғни, біз ең алдымен әдеп көшбасшылығы деген феноменге назар аударуға тиіспіз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қаңтар оқиғалары кезінде адамдар әділдік іздеді, жұртшылыққа ашықтық жетпеді.

«30 жыл бойы елімізде бәрі де дұрыс болмады деп айта алмаймыз. Көптеген реформа жасалды, жақсы бағдарламалар, ұлттық жобалар жазылып, стратегиялар да болды. Бірақ, оны халыққа ашық түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізілді. Ақпаратты беру – бұл ашықтық емес. Ақпаратты берген кезде оның қайдан шыққанын, шешімдердің қалай қабылданғанын және кері байланыстың қандай екенін түсіндіру керек», - деді Индира Рыстина.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары