Билік пен қоғам арасындағы диалог мемлекетті нығайтады - Машхур Абу Эйд

None
None
АММАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің тетіктері арқылы билік пен қоғам арасындағы диалогтың дұрыс жолын таңдады. Иорданияның мемлекеттік «Petra» ақпарат агенттігінің саяси шолушысы, Иорданияның Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің спикері Машхур Абу Эйд ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) екінші отырысында сөйлеген сөзі туралы өз пікірін білдірді.

М. Абу Эйд Ұлттық кеңестің тетігі арқылы билік пен қоғам арасындағы диалог мемлекетті нығайтатынына, сондай-ақ көптеген елде бар өткір әлеуметтік мәселелердің шешімін тездетіп табуға ықпал ететіне сенім білдірді.

Көмекке мұқтаж жандарды, көп балалы отбасыларды қамтамасыз ету, мектеп оқушыларына арналған әлеуметтік пакет секілді экономикалық және әлеуметтік мәселелерге келетін болсақ, сарапшының пікірінше, мұның барлығы мемлекеттің өз азаматтарына деген шынайы қамқорлығын көрсетеді.

Сарапшының бағалауынша, көлеңкелі экономика әлемің көптеген елдерінің мәселесіне айналып отыр. Сыбайлас жемқорлықты түбірімен жою – күрделі және тұтас шаралар кешенін талап ететін іс, атап айтқанда, деректер базасының көмегімен олардың әлеуетті іскер әріптестерінің заңдылығын бағалау және тексеру үшін кәсіпорындарға құралдар беру. Машхур Абу Эйд аталған шара экономиканы едәуір жақсартатынына сенімді.

«Содай-ақ, мен Қылмыстық кодекстің жала жабу туралы бабының декриминализациялануы бойынша бастаманы қолдаймын, себебі, менің ойымша, мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал етеді. Осы баптың декоиминализациялауы журналистерге батыл түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті М. Абу Эйд.

Саяси шолушы Қазақстанға бірнеше рет келген, оның ішінде EXPO-2017 халықаралық көрмесіне де келген болатын. Ол – «ҚазАқпарат» ХАА сарапшылар клубының мүшесі.




Соңғы жаңалықтар