Биіктігі 60 метрлік жартастан джип көлігімен аударылған қыз аман қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатында джипті жүргізіп келе жатқан 23 жастағы қыз теңіз жағалауындағы құздан құлаған. Жүргізуші бір аптадан кейін тірі табылды, деп хабарлайды bbc.com.

Анжела Эрнандес жақын маңда ағып жатқан бұлақтан ауыз су алып ішу үшін автокөліктің радиаторының құбыршегін пайдаланған.

6 шілде күні қыздың туыстары оның жоғалғаны туралы  хабар таратқан. Олардың айтуынша, Анжела  автокөлігімен Портлендттен Лос-Анджелеске әпкесінің үйіне қарай қонаққа аттанған. Жолда келе жатқан кезде хабарлама жіберіп отырған. Біраздан соң үздіксіз келіп отырған смс-тер аяқасты тоқтап қалып, қоңырауларға да жауап бермеген. Қыздың туыстары дереу дабыл қағып, оны іздестіре бастайды, алайда қалың тұманның кесірінен кедергілер туындаған.

Тек 13 шілде күні Анжеланы сол маңайда саяхаттап жүрген ерлі-зайыптылар тауып алған. Туристер алдымен Биг-Сюр ауданындағы алпыс метрлік жартастың етегінде жартылай суға батып кеткен Jeep Patriot көлігін байқаған. Зардап шеккен қыз автокөліктің ішінен шығып, тас кесектерінің артында жатқан.

Анжела Эрнандес есін білгенімен,  иығын жарақаттап алған. Сондай-ақ, оның миы шайқалғаны анықталды. 

Соңғы жаңалықтар