Бидай құны өссе де, нан бағасы тұрақты болады – Ербол Қарашөкеев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда нан бағасының өсуіне еш себеп жоқ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бидай бағасы өсіп жатыр, салдарынан нан қымбаттауы мүмкін бе?»- деп сұрақ қойды тілшілер Үкіметте өткен брифингте.

«Иә, шын мәнінде, бидайдың әлемдік бағасы өсіп келеді. Бірақ өздеріңіз білесіздер, бізде Азық-түлік келісімшарты корпорациясы бидай қорын құрды. Қазіргі уақытта әлеуметтік нан үшін өңірлерге арзандатылған астық жеткізіліп жатыр. Сондықтан баға тұрақты болады. Нан бағасының өсуіне еш себеп жоқ және болмайды да. Себебі біздің көлеміміз ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті», - деді Ербол Қарашөкеев.

Кеше Сауда және интеграция министрлігі еліміздегі қанттың орташа бағасын айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар