Бидай бағасы өсіп келе жатыр - Өмірзақ Шөкеев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Үкімет басшысының орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев астық нарығында туындаған проблемаға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр желтоқсан айының аяғында бидай нарығында өте күрделі жағдай қалыптасты. Баға төмен түсіп кетті, яғни (тоннасы - авт.) 35 мың теңгеге дейін. Сонымен қатар вагондар жетіспеді, осы орайда тиісті деңгейде қарбасал басталды. Сондықтан министрлік тарапынан Үкіметке тиісті өтінім жасадық. Бұл тұрғыда бізге резервтен қаржы бөлініп, бидайды 42 мың теңгеден сатып алуға мүмкіндік беру ескерілді. Үкімет 27 желтоқсанда қаулы қабылдады және 29-ы күні осы қаржы келіп түсті», - деп атап өтті Ө. Шөкеев.

Осы орайда ол қаңтар айында бидай сатып алынғанын, нарықтағы жағдай тұрақтала бастағанын жеткізді.

«Көптеген диқандар проблемаларын шешіп, қарыздарынан құтылды. Сәйкесінше, фермерлер көктемгі егіс науқанына дайындалуын бастап кетті. Қазір Азық-түлік корпорациясы сол 42 мың теңгеден сатып алынған бидайға қатысты 47 мың теңгенің шарттарын жасап, сатып жатыр. Бүгінде астық бағасы көтеріліп келеді. Сондықтан бұл тиімді шешім болды деп ойлаймын», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар