Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің Facebook парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік Бибісара Польшада өтіп жатқан Әлем біріншілігінде «рапидте» екінші орын иегері атанған болатын.

«Ал бүгін қазақстандық шахматшы аталмыш жарыста «блицте» алдына жан салмай жеңіс тұғырынан көрінді. Отандасымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!»,-делінген хабарламада.


«Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Польшада өткен 2021 жылғы Рапид және блицтен әлем чемпионаты (FIDE World Rapid and Blitz 2021) аясындағы блиц-турнирдің жеңімпазы атанды. Жарыс басынан-ақ Бибісара қарсыластарының оқ бойы озық кетіп, турнир аяқталуға бір тур қалғанда жеңіске жетті. Бұл - отандық спорт үшін тарихи оқиға, өйткені біздің шахматшымыз әлемдік шахмат түрлері тарихында ең жас әлем чемпионы атанды»,-делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің осы оқиғаға қатысты таратқан ақпаратында.

Бұған дейін қазақстандық спортшы классикалық шахматтан 8, 10, 12 және 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы, 7, 9 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында әлем чемпионы атанған.

Сондай-ақ, күні кеше ғана 17 жасар Б.Асаубаева тамаша өнер көрсетіп, осы әлем чемпионаты аясында рапидтен (жылдам шахматтан) 2-орынды жеңіп алған болатын.

Блиц турнирінің қорытындысы бойынша, екінші орынды екі күн бұрын рапидтен Әлем чемпионы атанған ресейлік Александра Костенюк алса, Ресейдің тағы бір өкілі Валентина Гунина үшінші орынды иеленді.

Атап өтейік, Рапид және блицтен әлем чемпионаты - спорт жанкүйерлерінің көпшілігі үшін шахмат күнтізбесіндегі ең сүйікті және асыға күтетін оқиғалардың бірі. Ауқымды шараға 50 елден 200-ге жуық спортшы – әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, қазіргі ел чемпиондары және әлемнің рейтингі жоғары шахматшылары қатысты.

Рапид және блиц бойынша әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 1 000 000 АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар