Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-Приде үшінші жеңісіне қол жеткізді

None
Фото: prosports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы гран-при кезеңінде үшінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық халықаралық спорт шебері Бибісара Асаубаева Гран-придің 4-ші турында ресейлік Александра Горячкинадан жеңілгеннен кейін, үндістандық гроссмейстер Харика Дронавалиден басым түсті. Осы жеңістен кейін жерлесіміз 3 ұпай жинап, ресейлік А.Горячкинамен үшінші-төртінші орынды өзара бөлісті.

Аталған сайыста әзірге 3,5 балл жинаған қытайлық Чжу Цзяньэр мен ресейлік Полина Шувалова көш бастап тұр. Бүгін Бибісара Асаубаева екеуімен де кездесу өткізеді.

Шахмат әуесқойлары Бибісара Асаубаеваның 4-ші және 5-ші турдағы партияларын осы сілтеме арқылы көре алады. Онда Горячкина-Асаубаева және Асаубаева – Дронавали жекпе-жегі ұсынылған.

Еске салсақ, жуырда Бибісара Асаубаева шахматшы Жансая Әбдімәлікті сынға алған еді.

Өз кезегінде Жансая Әбдімәлік бұл қадамға бару себебін түсіндіріп өтті.

Кейін Бибісара Асаубаева өз әрекеті үшін кешірім сұрады.

Сондай-ақ, Қазақстан шахмат федерациясы Үндістандағы Гран-при турнирі айналасынан шыққан келіспеушілікке қатысты түсініктеме берді.


Соңғы жаңалықтар