Бибісара Асаубаева ФИДЕ Гран-приінің жетінші турында қарсыласымен тең түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахматтан ФИДЕ (WGP) әйелдер арасындағы Гран-при жарысының бірінші кезеңі жетінші турында қазақстандық Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турда Бибісара Асаубаева ресейлік Полина Шуваловамен т ең түссе, сол елден келген Александр Костенюкке есе жіберді.

Қазір Бибісараның еншісінде 1 жеңіс, 5 тең ойын, 1 жеңіліс бар. Турнир кестесінде жетінші орында тұр. Сегізінші орында келе жатқан Жансая 1 мәрте жеңіске жетсе, 4-еуін тең, 2-еуін жеңіліспен аяқтады.

Сегізінші турда Б.Асаубаева қытайлық Тань Чжунъи, Ж.Әбдімәлік үндістандық Рамешбабу Вайшалимен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Астанада өткен аталған турнирдің алтыншы турында Б.Асаубаева алғаш рет жеңілсе, Ж.Әбдімәлік бірінші рет жеңіске жетті. Сол жолы Бибісара польшалық Алина Кашлинскаяға есе жіберсе, Жансая ресейлік Полина Шуваловадан айласын асырып кетті.

Ал бесінші турда Бибісара ресейлік Екатерина Лагномен т ең ойнаса, Жансая қытайлық Чжу Цзиньэрге жол беріп, турнирде алғаш рет жеңілді.

Соңғы жаңалықтар