Биатлоннан Еуропа чемпионаты: Қазақстан эстафетада 11-ші орын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияның Арбер қаласында өтіп жатқан биатлоннан Еуропа чемпионаты аясында екі эстафеталық жарыс аяқталды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір адамдық аралас эстафетада Қазақстан 11-ші орыннан көрінді. Бұл сында Ресей, Франция және Германия өзара жүлде бөлісті.

Ал аралас командалық эстафетада Норвегия топ жарды. Германия екінші, Швейцария үшінші сатыда.

Қазақстандық биатлоншылар бұл жарысты 15-ші орынмен тәмамдады.


Соңғы жаңалықтар