BI Group ЭКСПО-дағы апатқа байланысты ішкі тергеуді бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - BI Group компаниясы компаниясы бүгін ЭКСПО көрмесінің аумағында құлаған конструкцияға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылдың 16 қарашасы күні шамамен түскі сағат 13.10 кезінде Астана  EXPO-2017 көрмесінің құрылыс жобасында декоративті көпір конструкциясы ішінара құлады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Апаттың себеп-салдары анықталып жатыр. Ішкі тергеу жұмыстары басталды. Жобаның бас мердігері - BI Group холдингісінің еншілес кәсіпорны. Жобаның жетекшісі  Абрагим Жакеевтің айтуынша, бұл - тек декоративті сипаттағы конструкция»,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, бүгін ЭКСПО құрылысының аумағында конструкция  қақ ортасынан бөлінген еді.

Соңғы жаңалықтар