BHP Billiton шикізатқа бағаның түсуіне жауап ретінде шығыстарын қысқартпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық BHP Billiton компаниясының табысы 2014 жылғы шілде мен желтоқсан аралығында 31 пайызға азайды. Әлемдегі ірі тау-кен компаниясы өздерінің бәсекелестері сияқты мұнайға және басқа да шикізат тауарларына бағаның түсуі салдарынан шығынды сезінуде.

Темір кенін сатудан түсім 35 пайызға төмендеді, бұл компанияның ең басты кіріс көздерінің бірі болатын. Алайда шығыстарды қысқарту есебінен компания бөлімшенің салыққа дейінгі табысын 57 пайызға көтере алды.

Үнемдеу курсы жалғасуда, корпорация таяу үш жылға күрделі салымдарды азайтпақ. Алайда акционерлерге дивиденттер төлеуді қалдырды.

Соңғы жаңалықтар