БҒМ жемқорлықпен күресті ЖОО-ларда қалай күшейткелі отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова қазақстандық жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүргізілгелі отырғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, академиялық адалдық лигасы жұмыс істейді. Елдегі 12 ЖОО академиялық адалдық лигасына кіріп тұрса, тағы оны үміткер ретінде тіркелген. Ол лигаға кіру үшін - ең бірінші кезекте, әлбетте, емтихандарды кімнің тапсырғанын білмейтін тексеру жүйесін енгізу қажет. Тесттік сипаттағы емтихандардан кету керек», - деді Күләш Шәмшидинова Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, министр қазақстандық ЖОО-лардың дипломды электронды форматта табыстау ықтималдылығына қатысты сұраққа жауап берді.

«Біз барлық жүйені толығымен электронды форматқа көшіруді көздеп отырмыз. Диплом табыстауды да электронды форматқа көшіре білсек, бақылау қатаяр еді. Жоғары оқу орындарында қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы жаңа бағдар енгізілуде. Биыл ЖОО-ларда сауалнама жүргізіп көрген болатынбыз. Оқып жүрген балалардың 70 пайызы жемқорлықпен кездеспейтінін айтты. Бірақ, қалған пайыз бізді үрейлендіруі керек. Сондықтан, жемқорлықпен күрес жұмысын күшейте беру керек», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар