БҒМ сұраныс жағынан ең жоғары және ең төмен мамандықтарды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда соңғы жылдары педагогикалық, ақпараттық технологиялар, шетел тілі, құқық салалары бойынша білім беру бағдарламаларына сұраныс өте жоғары болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап берген Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім беру тапсырысы, яғни гранттар қандай талаптарға байланысты қалыптасатынын хабарлады. Нақтырақ айтқанда гранттар тізімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған кадрларға деген қажеттілік бойынша ақпарат негізінде, сондай-ақ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қысқамерзімді болжамы, мемлекеттік органдардың қажеттілігі, бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың көрсеткіштері негізінде түзіледі.

«Соңғы жылдары педагогикалық, ақпараттық технологиялар, шетел тілі, құқық салалары бойынша білім беру бағдарламаларына сұраныс өте жоғары. Сонымен қатар, бүгінгі күні киберқауіпсіздік мәселесінің өзектілігіне және экономиканы, әлеуметтік саланы, мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру жөніндегі ауқымды міндеттерге байланысты ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандар даярлауға сұраныстың артқанын байқауға болады», - деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінен.

Сонымен қатар министрлік жыл сайын конкурстың ең төмен көрсеткіштері ауыл шаруашылығы, металл өндіру, металлургия мамандықтарына тиесілі екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар