БҒМ мектептен кейінгі жаңа емтиxандар туралы кеңінен айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылдан бастап мектеп түлектері орта білімді тәмамдағанын бөлек емтиxанмен дәлелдесе, ұлттық бірыңғай тестілеу арқылы мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, жоғары оқу орындарына түсе алады. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мектептен кейінгі емтиxандар туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент директорының айтуынша, бұрын ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқысы келмейтін балалар ғана мектеп емтиxанын тапсырса, келесі жылдан бастап барлық мектеп оқушылары қорытынды емтиxанды тапсыратын болады. Содан кейін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, жоғары оқу орнына түсіп көрмек.

"Мектепте өтетін емтиxанның бір ерекшелігі, 10-11 сынып оқушыларының жаратылыстану-математика мен гуманитарлық бағытта білім алғандары ескеріліп, олар қай бағытта оқыса, сол бағытта емтиxан тапсыратын болады. Сұрақтар да соған сай болады. Ал емтиxандарға келер болсақ, біздің балаларымыз ана тілі мен әдебиеттен эссе жазады. Оған үш сағат беріледі. Эссе әдеби тақырыптарда беріледі, ол шағын көлемдегі прозалық шығармалар немесе оқушының өзінің жеке ойын білдіретін еркін тақырыпта жазылады", - дейді Ж.Жонтаева.

Екінші емтиxан Қазақстан тариxынан тапсырылады. Ол ауызша өтеді. Аталған емтиxан бойынша барлық билеттердің саны 25-тен аспайды. Әрбір билетте 3 сұрақтан болады.

"Екі сұрақ Қазақстан тариxының теориясын қамтитын болса, үшінші сұрақ шығармашылық сұрақ болады. Ол кезде картамен жұмыс істеу керек. Үшінші емтиxан алгебра және анализ бастамаларына арналған. Бұл емтиxан жазбаша болады. Оған бес астрономиялық сағат беріліп отыр. Себебі ол бес тапсырмадан тұрады. Тапсырмалары математикалық фактілерді, түсініктерді, тәсілдерді, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешуге арналады деп күтілуде. Сонымен бірге, орыс және басқа да тілдерде оқитын мектептерде қазақ тілінен тест болады деген жоспар бар. Оған 80 минут беріледі. 40 сұраққа 40 ұпай беріледі", - деп атап көрсетті департамент директоры. Ал соңғы емтиxанның пәнін мектеп оқушысы өзі таңдайды.

Соңғы жаңалықтар