БҒМ қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық істерінің саны жыл сайын артып келеді - депутат

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық істерінің саны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің селекторлық отырысында Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова мәлім етті.

«БҒМ қызметкерлеріне қатысты 2012 жылы 5 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелсе, 2013 жылы - 9, 2014 жылдың 9 айында 19 қылмыс анықталды. Сонымен бірге министрлік басшылығы сыртқы ақпаратқа мән бермей келеді. Сайтта заң бұзушылықтар бойынша тіркелген 534 ескертудің көпшілігіне тиісті әрекет жасалмады», - деді Меруерт Қазбеков.

Жалпы жергілікті атқару органдары білім беру саласының қызметкерлеріне қатысты 2014 жылдың 9 айында 228 жемқорлық қылмыстарды тіркеген. 2013 жылдың 9 айында бұндай қылмыстардың саны 117-ні құраған екен. Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының арасында қызметтік алдау, бөтеннің мүлкін иемдену немесе жұмсау арқылы жымқыру әрекеттері басымырақ.

М. Қазбекованың сөзіне қарағанда, әлеуметтік зерттеулер еліміздің халыққа білім беру саласына жоғары сыбайлас жемқорлық рейтингін нұсқап отыр. Сауалнамаға қатысқандар балабақша, мектеп, ЖОО және басқа да білім беру мекемелерінің сыбайлас жемқорлық бойынша жоғары деңгейін атап өтуде.

Соңғы жаңалықтар