+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

БҒМ грант шарттарын орындауды бақылайды

2017 жылғы 28 наурыз 15:40
Бөлісіңіз:
БҒМ грант шарттарын орындауды бақылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ және «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі өзара ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қаржы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған құжаттың аясында «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы «Нұр Арман» атты жобаның орындаушысы - Саяси менеджмент мектебіне грант иегерлерінің қойылған шарттарды орындауын бақылауға көмектесетін болады. «Нұр Арман» жобасының басты мақсаты - жетім қалған балаларға және әлеуметтік қорғауға алынған топтағы талантты, келешегі бар жастарға әлемнің үздік жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндік беру.

«Бүгінде «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалдары осындай жастарды іздестіріп отырады. Ал Астанада арнайы құрылған комиссия үміткерлерді соңғы іріктеуден өткізеді. Осы уақытқа дейін 9 адам «Нұр Арман» жобасы аясында білім грантының иегері атанды. Қазір олар Ұлыбритания,Қытай, Малайзия мен Ресейдің жетекші университеттерінде білім алуда», -делінген ресми хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT