БҒМ: Дене шынықтыру сабағына қандай жаңалықтар енеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тәйкенова еліміздегі студенттер спорттының дамуы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19-26 тамыз күндері Алматыда болатын Футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігі алдында өткен  баспасөз мәслихатында ол білім беру мекемелеріндегі спорт секциясының жұмыстарына тоқталды.

«Типтік оқу жоспарында дене шынықтыру сабағы аптасына 3 рет белгіленген.  Қазір министр сабақтың 1/3 бөлігі сайыс түрінде өткенін жөн көріп отыр. Яғни, оқушылар мемлекеттік стандартқа сәйкес физикалық даму жаттығуларын ғана жасамайды, жарыс түріне өтеді. Мектеп әкімшілігі қандай спорт түрін дамытамын десе де өз еріктері. Егер ол мектепке  футбол қызықты болса соны, хоккей десе хоккейді қалдырсын», - деді  Майраш Тайкенова.

Қазіргі білім беру жүйесінде білім мекемелеріне спорттың кез-келген бағытын таңдауына жағдай жасалған.

«Бұдан бөлек колледж студенттері де спортқа  ден қойып келеді. Жарыстар мен футбол лигасы бар. Шахмат ойыны дамып жатыр. Астанада кез-келген мектепте шахмат секциясы бар. Футболдан Ұлттық студенттер лигасы спортсүйер жастардың шоғырын жинауда», - деді Майраш Тәйкенова.

Соңғы жаңалықтар