БҒМ балалардың құқықтарын қорғау жөнінде жаңа кеңесшісі болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі қызметіне Шер Раисаны шақырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінгі заман талаптарына сай балалардың құқықтарын қорғау саласында қыруар жұмыстар атқару қажет. Азаматтық сектор белсенді дамып, бірқатар сұрақтардың шешілуіне ат салысуда. Мемлекеттік және азаматтық сектор арасында тиімді байланыс орнату қажет», - деді Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев.

Министр жаңа кеңесшінің келуімен балалардың құқықтарын қорғау саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіледі деп сенім білдірді.

Өз кезегінде, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р.Шер көрсетілген сенім үшін Министрге алғыс білдіріп, жұмысқа дайын екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар