USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары шетелдік көрерменсіз өтеді

2021 жылғы 30 қыркүйек 09:23
Бөлісіңіз:
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары шетелдік көрерменсіз өтеді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары аясындағы жарыс билеттері құрлықтағы Қытайда тұратын жанкүйерлер арасында сатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Футзалдан Еуропа чемпионаты: Ресей мен Хорватия қарсыластарын қапы қалдырды Абзал Әжғалиев пен Екатерина Айдова Бейжіңде ҚР Туын ұстап шығады Маңғыстау облысының әкімі Бибісара Асаубаеваны Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қысқы Олимпиада аясындағы жарысты көргісі келетіндер ковидке қарсы хаттамаларға сәйкес болуы тиіс.

Билеттерді сату мәселесі талқылау және өңдеу сатысында, олар туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Бейжің қаласындағы 2022 жылғы Олимпиаданың коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсын өткен барлық спортшылары мен қатысушылары Бейжіңге келген соң жабық цикл жүйесінде орналасады.

Ал вакцина алмаған спортшылар Қытай астанасына келген соң 21 күндік карантинге жатқызылады. Вакцина алмаған атлеттер вакциналаудан бас тартудың медициналық негіздемесін ұсынса, олардың ісі бөлек қаралады.

Бейжіңге келіп жететін барлық қатысушылар (спортшылар мен атлеттермен Олимпиада ауылдарында бірге еріп жүрген делегацияның кейбір тұлғаларынан басқа) ұйымдастырушылар белгілеген ковидке қарсы шараларға сәйкес келетін қонақүйлерде тұрады.

Ойындардың барлық қатысушылары мен қызметкерлерінен күн сайын коронавирусқа қарсы тест алынады.

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-22 ақпан күндері, ал Паралимпиада ойындары – 4-13 наурызда өтеді.


Руслан Сүлейменов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT