Бейжіңдегі қысқы Олимпиада алауының эстафетасы 2 ақпанда басталады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының алау жағу эстафетасы 2-4 ақпан аралығында өтеді. Бұл туралы «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Эстафета Олимпиадалық жарыстардың үш кластеріндегі 12 жерде өтеді – Бейжіңнің орталық бөлігінде, Қытай астанасының солтүстік-батысындағы Яньцин мегаполисінде және Чжанцзякоу қаласында (Хэбэй провинциясы). Оған 1200-ге жуық адам қатысады.

«Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының Алау эстафетасы коронавирустық пандемияға дейінгі алдыңғы олимпиадалардағы дәстүрлі алау эстафеталарымен салыстырғанда әлдеқайда аз көлемде болады.

«Азайтылған формат эстафетаның Қытай астанасы тұрғындарының күнделікті өміріне әсерін азайтады және пандемияның алдын алу және бақылау талаптарына жауап бере отырып, маршрут бойынша жаппай жиналудың алдын алады», - деді «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті Бас хатшысының орынбасары Сюй Чжицзюня.

Бейжіңде XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында Қытай астанасының бірқатар аудандарында COVID-19 «дельта штамының» және «омикрон штамының» таралу ошақтары тіркелді.

Бейжіңде сенбідегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 34 адам анықталды. Мегаполис билігі осы жексенбіде 2 миллионнан астам адам тұратын Фэнтай мегаполисінің тұрғындарын жаппай тестілеу науқанын бастады, жұқтырғандардың ең көп саны (21 адам) осында анықталды.

Алау эстафетасы өз жолын Қытай астанасының орталығынан солтүстікке қарай олимпиадалық орман саябағында бастайды, содан кейін қаланың батысындағы қысқы Олимпиада паркі арқылы өтеді, онда ұйымдастырушылар уәде еткендей, алау роботтары Юндин өзенінің астында от алмасады.

3 ақпанда алау астаналық Яньцин уезіне жеткізіліп, онда Ұлы қытай қабырғасының «Бадалин» учаскесінде болады, содан кейін Чжанцзякоу қаласына (Хэбэй провинциясы) барады, онда эстафета Чунли уезінің «Фулун» тау шаңғысы курортында өтеді.

4 ақпанда, қысқы Олимпиада ойындарының ашылу күнінде алау Бейжіңге оралып, «Ихэюань» жазғы император сарайында, Олимпиадалық орман саябағында және «Гранд-канал» саябағында болады.

XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында, ал Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді.


Фото: chinadaily.com.cn
Соңғы жаңалықтар