Бейжіңдегі қазақстандық балаларды дамыту орталығында Тұңғыш Президент күні атап өтілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжің қаласындағы «Балдырған» балаларды дамыту орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай арнайы шара болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы тілшісі.

Балалар ҚР Әнұранын орындап, Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшісінің зайыбы Әлия Нұрышева және балаларды дамыту орталығының жетекшісі, психолог-педагог Назгүл Назарбекованың құттықтау сөздерінен кейін қонақтарға мерекелік концерт ұсынылды. Балалар Отан туралы тақпақтарын айтып, қазақ ұлттық билерін биледі, «Атамекен» әнін шырқады.День Первого Президента отметили в казахстанском детском центре развития в Пекине

Бейжіңде жүрген Ұлттық академиялық кітапхананың делегациясы «Балдырғанға» сыйлық ретінде қазақстандық авторлардың 12 кітабын тарту етті. Қонақтар балалар орталығының «Қазақстан балалар көзімен» атты сурет көрмесімен танысты.

День Первого Президента отметили в казахстанском детском центре развития в ПекинеҚазіргі кезде «Балдырғанда» 20 тәрбиеленуші бар, соның ішінде тек қазақстандықтар ғана емес, Қырғызстан, Үндістан және Пәкістан елдерінің де балалары  бар.День Первого Президента отметили в казахстанском детском центре развития в Пекине

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 23 сәуірінде Бейжіңде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ашылған «Балдырған» орталығы шетелде қазақ тілін оқытатын алғашқы балаларды дамыту орталығы болды. Оның ашылу салтанатына ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты. 

Соңғы жаңалықтар