Бейжіңде жаңбырдың салдарынан бірқатар əуе рейстері кейінге шегерілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат- Ауа райының қолайсыз болуына байланысты Қытай астанасы Бейжің қаласынан ұшып шығатын бірқатар əуе рейстері кейінге шегеріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Қазіргі кезде Қытай астанасында жаңбыр құйып тұр. Оған қоса, күн күркіреп, найзағай ойнауда. Осының салдарынан Бейжің әуежайынан жергілікті уақыт 20:00-ден кейін ұшатын бірқатар əуе рейстері кестеден қалып жатыр. Оның ішінде Бейжің уақыты бойынша кешкі 20:05-те жоспарланған "Бейжің-Ляюйгань" əуе рейсі кейінге шегерілді.Аталмыш рейстің қашан ұшатыны əзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар