Бейжіңде тұратын қазақтар Науырыз мерекесін тойлады

None
None
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - Наурыздың 13-і күні Бейжіңдегі Орталық ұлттар баспасының жиын залында қазақтың жаңа жыл мерекесі - Наурызды қарсы алу кеші өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Сахара» сайтына сілтеме жасап.

Қытай астанасының төрінде өткен мерекелік шараны Бейжің қаласындағы Орталық ұлттар баспасы, Халық радиосы, Ұлттар университеті сияқты орындарда жұмыс істеп жатқан қандастарымыз бірлесіп ұйымдастырған. Қазақ әндері мен күйлері асқақтата шырқалған мерекелік кешке Қазақстанның Қытайдағы елшісі Икрам Адырбеков қатысты.

Соңғы жаңалықтар