Бейжіңде тікұшақ апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Бейжіңнің солтүстігіндегі Цзисянсы көпірінің маңында тікұшақ құлады. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлап жатыр.

China Daily басылымының хабарлауынша, құрбандар болуы мүмкін.

Видеодан тікұшақтың жерге ұрылғаны көрініп тұр. Оқыс оқиға жергілікті уақытпен таңғы 11 шамасында болған.

Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері аттанған.

Келеңсіз жағдайдың мән-жайы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар