Бейжіңде теңіз жұлдызы пішіндес әлемдегі ең үлкен әуежай ашылды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжіңде жаңа Дасин халықаралық әуежайы ашылды. Ол танымал ирак-британдық сәулетші Захи Хадидтің жобасы бойынша салынды. Бұл – әлемдегі ең ірі әуежай. Аумағы – 700 мың шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Жалпы шығыны 11 млрд долларды құраған әуежай ресми түрде сәрсенбі күні, Қытай Халық Республикасының 70 жылдығына бірнеше күн қалғанда ашылды. Ашылу салтанатына ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпин қатысты.

Халықаралық әуежайлар кеңесінің мәліметінше, Данси Атланта әуежайынан кейінгі адамдардың көп келуі жөнінен екінші әуежай болмақ.

«Қытай билігі жаңа әуежай Бейжің елордалық халықаралық әуежайының жұмысын жеңілдету үшін қажет екенін айтады. Ол жылына 130 млн жолаушыны қабылдай алады деп күтілуде» , деп жазады Қытайдың Global Times басылымы.

Дасиннің төрт ұшып-қону жолағы және 150 ұшаққа арналған тұрақ орны бар. Ол 116 бағыт бойынша рейс жасайды. Оның 101-і – ішкі, 15-і – халықаралық рейстер.

Ашылған күні жаңа әуежайдан 7 әуе компаниясы рейс жасамақ. China Southern Airlines әуе компаниясының алғашқы рейсі әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 16:23-те ұшты.

Кейбір халықаралық әуе компаниялары, соның ішінде British Airways, Дасинге рейстердің ұшатыны туралы хабарлап үлгерді.

Global Times атап кеткендей, жолаушылар қауіпсіздік тексерісі кезінде қандай да бір құжаттар немесе отырғызу талонын көрсетіп әуре болмайды, себебі әуежай адамды тану жүйесімен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар