Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына лицензия алған алматылықтар белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алған спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов мәлім етті.

«Алматылық спортшылар скандинавиялық комбинация мен фристайл акробатикадан 5 лицензияны жеңіп алды. Бұл тізімде Шыңғыс Ракпаров, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмурзаева бар. Тағы 8 лицензия конькимен жүгіру, шаңғы трамплині, әйелдер хоккейі, мәнерлеп сырғанау және тау шаңғысы бойынша жоспарланған», - деді Рүстем Байсейітов.

Спикер Бейжіңде өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық қызу жүріп жатқанын тілге тиек етті.


Соңғы жаңалықтар