Бейжіңде Қытай мен Франция басшылары келіссөз өткізді

None
Фото: EPA
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Франция Президенті Эммануэль Макронмен кездесу өткізді. Кездесу Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында орналасқан Халық жиналысы үйінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синьхуа агенттігінің ақпаратына қарағанда, Си Цзиньпин Франция Президентінің үш жылдан кейінгі Қытайға кезекті мемлекеттік сапарын құптайтындығын атап өткен.

Оның айтуынша, екі тараптың бірлескен күш-жігерінің арқасында қытай-француз қарым-қатынасы оң әрі тұрақты дамуын сақтап қалды. Екіжақты тауар айналымы да барынша қарқын өсіп келе жатыр. Елдер аэроғарыш, ауыл шаруашылығы, азық-түлік және өзге де салаларда оң нәтижелерге қол жеткізді.

ҚХР Төрағасы Қытай мен Франция климаттың өзгеруі, биоалуантүрлілік және Африканы дамыту сынды мәселелер аясында да тығыз байланыс ұстанатындығына тоқталған.

Ол Қытай мен Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі, ірі тәуелсіз мемлекет, сонымен қатар көпполярлы әлем идеясы мен халықаралық қатынастардың демократиялануын мығым жақтаушы ретінде айырмашылықтар мен шектеулерді еңсеруге, тұрақты, өзара тиімді, жаңашылдық бағыттарды ұстануға, қытай-француз жалпықамтымды стратегиялық серіктестігін ілгерілетуге, бүкіл әлемдегі тұрақтылық пен өркендеуді қолдауға қабілетті әрі міндетті екендігін атап өтті.

«Бұл сапар қытайлық-еуропалық қарым-қатынастың дамуына тың серпін беретіндігін сенімдімін», - деп атап өтеді Си Цзиньпин.


Соңғы жаңалықтар