Бейжіңде Қытай Компартиясының жаңа құрамын сайлайды

None
None
БЕЙЖІҢ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 18-ші съезі өз жұмысын Орталық комитет (ОК) және Тәртіпті бағалау бойынша орталық комиссияның (ТБОК) жаңа құрамдарын сайлаумен аяқтайды.

Сейсенбі, 13 қараша күні Қытай Компартиясының 247 мүшеден тұратын 18-ші съезінің төралқасы ОК және ТБОК жаңа құрамдарына кандидаттардың тізімін мақұлдады. Ресми сайлау бүгін түске дейін өтеді.

ОК-тің саяси бюросының тұрақты комитеті - партияның элиталық буынының құрамы және оның саны (жеті немесе тоғыз адам) әзірге белгісіз болып отыр. Қытай Компартиясының қазіргі бас хатшысы және ҚХР-ның төрағасы Ху Цзиньтаоның орнына оның орынбасары Си Цзиньпин келеді деп күтілуде. Сондай-ақ ОК-тің саяси бюросының тұрақты комитетінің құрамына Ли Кэцян сайланады.

2013 жылдың наурызында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының сессиясында Си Цзиньпин мен Ли Кэцян сәйкесінше ҚХР төрағасы және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері қызметтеріне мақұлданатыны күтілуде.

Сайлау өткен соң ОК-тің жаңа құрамы бірінші пленумда ОК-тің бас хатшысын, саяси бюроның және саяси бюроның тұрақты комитетінің мүшелерін сайлайды. Бейсенбі, 15 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де ҚКП ОК-нің жаңа саяси бюросының тұрақты комитетінің мүшелері съезде аккредиттелген журналистермен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚКП-ның 18-ші съезі Бейжіңде, 8 қараша күні ашылды.

Соңғы жаңалықтар