Бейжіңде «Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран» теміржолы таныстырылды (ФОТО)

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 25 сәуір күні Бейжің қаласының Кемпински қонақүйінде Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран бағдары бойынша теміржол қатынасының таныстырылымы өтті.

Шараны Қазақстан мен Түркіменстанның Қытайдағы Елшіліктері сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырған. Таныстырылымға 130-дан астам адам қатысты, олардың арасында Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев, Түркіменстанның Қытайдағы Елшісі Чинар Рустамова, ҚХР Шэньси провинциясындағы Сиань қаласының мэрі Шангуан Цзицин, ҚКП Ляньюньган қаласындағы партия комитетінің хатшысы және аталған қала әкімшілігінің директоры У Ицяо, «Қытай теміржолдары» компаниясының вице-президенті Хуан Минь, Түркіменстан Теміржол көлігі министрлігі маркетинг бөлімінің бастығы Азат Арызмедов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев, ҚХР СІМ-нің өкілдері, сондай-ақ 40-қа жуық қытайлық көлік компаниялары мен БАҚ қатысты.
«Жібек жолы экономикалық белдеуінің» екі негізгі көлік дәлізі Орталық Азия елдері арқылы өтіп жатыр. Біріншісі - Қытайдан Қазақстан мен Ресей арқылы Еуропаға дейін (Балтық теңізі), екіншісі - Қытайдан Қазақстан мен Түркіменстан арқылы Иранға және одан кейін Парсы шығанағына дейін. Алайда, аталған теміржол дәліздері салынып, қызмет етіп отырғанын көпшілік білмейді. Бұл ретте бұл бағыттағы бағдарлар теңіз тасымалымен салыстырғанда жүктерді жеткізу жылдамдығында өз басымдығын дәлелдеп шықты», - деді өз сөзінде Ш.Нұрышев.
Оның айтуынша, егер Қазақстан арқылы Еуропаға жүретін теміржол дәлізі тиімді қызмет етіп отырса, Ираннан санкцияларды алу Иранға және одан кері теміржол тасымалдарын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Шара қытайлық бизнес өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды.




Соңғы жаңалықтар