Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында COVID-19-ға қарсы шаралар күшейтілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжің билігі Қытайдағы жаңа жыл мен қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында COVID-19-дың алдын алу және бақылау шараларын күшейтуде. Бұл туралы жұма күні Бейжің қаласы үкіметінің ресми өкілі Сюй Хэцзянь мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сюй Хэцзянның айтуынша, Пекин әкімшілігі COVID-19-дың алдын алу және бақылау шараларын қайта қарап, тұрғындарды алдағы мерекелері – Жаңа жыл мен Көктем мерекесін ҚХР астанасында өткізуге шақырды. Жергілікті билік кәсіпорындарға алдағы мерекелер кезінде өз қызметкерлеріне икемді жұмыс кестесін енгізуді ұсынды. Отбасылық мерекелерді 10 адамға дейін шектеу, сондай-ақ Бейжіңде конференциялар мен оқу іс-шараларының өткізілуін қатаң бақылау туралы жарияланды. Саябақтар, мұражайлар, кітапханалар, кинотеатрлар және басқа да қоғамдық орындардың толуы 75% - дан аспауы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, өткен бейсенбіде 13 миллион халқы бар Сиань қаласында Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына 40 күн қалғанда локдаун енгізілді. 9 желтоқсаннан бастап Қытайдың осы мегаполисінде коронавирус инфекциясының 200-ден астам жағдайы анықталды.


Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар