Бейжіңде коронавирус карантиніне қарсы наразылық шеруі өтті

None
ГОНКОНГ. ТАСС-ҚазАқпарат – Жексенбі күні кемінде бірнеше жүздеген адам Бейжіңнің Чаоян ауданында жаппай наразылық шерулеріне қатысты. Олар биліктен елдегі коронавирусқа қарсы шараларды жеңілдетуді талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Адамдар кешке қарай Лянмахэ өзенінің жағасына жинала бастады. Олар қолдарына ақ қағаз ұстап жүрді.

Бұл Қытайдың түрлі қалаларында студенттердің бағынбау акцияларының символына айналған.

Жиналғандар ел үкіметі жүргізіп жатқан «COVID-19-ға нөлдік төзімділік» саясатына қарсы ұрандар айтуда.

Шеруге қатысушылар міндетті карантин мен жаппай ПТР тестілеуді алып тастауды талап етті.

Оқиға орнына жеткен полицейлер наразылық білдірушілердің жолын жауып тастады.


Фото: ТАСС

Соңғы жаңалықтар