+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Бейжіңде қазақстандық балаларға арналған орталық ашылды

2018 жылғы 23 сәуір 14:44
Бөлісіңіз:
Бейжіңде қазақстандық балаларға арналған орталық ашылды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде ҚР Сыртқы істер миинстрі Қайрат Әбдірахманов «Балдырған» балаларға арналған даму орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінің Қытайдағы меншікті тілшісі.

Қытайдағы ҚР елшілігінің қолдауымен ашылған бұл мекеме ел аумағынан тыс жүрген қазақтілді балаларға арналған алғашқы жеке даму орталығы атанды. Оған қазақстандық дипломаттардың және Бейжіңде аккредиттелген ұлттық компания өкілдерінің ұл-қыздары бара алады.

204 шаршы метр болатын аумақта мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілі, қазақтың дәстүрі мен мәдениеті үйретіледі. Онда тәжірибе, математикалық, тілдік және гимнастикалық деп аталатын бірнеше бөлім бар.

Дамыту орталығы жұмыс күндері 08:00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Қосымша ағылшын тілі, хореография, ән салу және бейнелеу өнері үйірмелері жұмыс істейді.

«Қазіргі уақытта орталықта 13 тәрбиеленуші бар, онда қазақстандықтар ғана емес, Қырғызстан балалары да бар. Орталық Азия елдері біздің орталыққа үлкен қызығушылық танытып отыр», - дейді Балаларға арналған даму орталығының басшысы, психолог-педагог Назгүл Назарбекова.

Қытайдағы ҚР елшілігі келтірген деректерге сәйкес, Бейжіңде 90-нан астам мектеп жасына дейінгі қазақ балалары тұрады.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев және қазақстандық дипломаттар мен «Цзиньтай» музейінің қызметкерлері Бейжіңнің «Чаоян» орталық саябағында орналасқан Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT