Бейжіңде Қазақстан туризмінің әлеуеті таныстырылды

None
None
БЕЙЖІҢ.ҚазАқпарат –Сейсенбі күні Бейжіңде «Жібек жолы голограммасы: Қазақстанға цифрлық туризм – технологиялар мүмкіндіктерді кеңейтеді» цифрлық көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өз сөзінде көрме Қазақстанның туристік бағытымен, мәдениетімен, дәстүрімен және тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ҚР-ның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев көрме қонақтары мен келушілерін Қазақстанның туризм саласындағы әлеуеті туралы хабардар етіп, елімізде туризмнің экологиялық, мәдени, танымдық, спорттық түрлері барын жеткізді.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін келушілерге Қазақстан туризмінің барлық перспективалы түрлері көрсетіліп, таныстырылды. Соңында концерттік бағдарлама болды.

Көрме ел астанасындағы Шоуган саябағындағы «Чжунгуанцун» инновациялық орталығында өтіп жатыр. Іс-шараға ҚХР министрліктері мен ведомстволарының, ШЫҰ хатшылығының өкілдері қатысты.


Соңғы жаңалықтар