Бейжіңде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Қытай темір жолдары» МК басшылары кездесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Бейжің қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Қытай темір жолдары» МК кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қытай темір жолдары» МК-ның басшысы Лю Чжэньфан атап өткендей, «Қазақстан темір жолы» делегациясы — бұл пандемиядан кейін Қытай тарапы қабылдаған алғашқы әкімшілік.

Кездесуде екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі оң қарқын көрсетіп отырғаны атап өтілді. 2022 жылы жүк тасымалы 23 млн тоннаны құрап, тарихи максимумнан асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 15% -ке көп.

Тараптар Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады. ҚХР-дан импорт мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Кездесуде жаңа жобаларға да көп көңіл бөлінді. Достық – Мойынты учаскесін жаңғырту және Бақты – Тачэн учаскесінде үшінші теміржол шекара өткелін салу мәселелері қаралды»,-делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар