Бейжіңде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген шараға 600 адам қатысты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-дағы ҚР Елшілігі «Kempinski Beijing Lufthansa Centre» орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық байланыстың орнауының 25 жылдығына орай салтанатты қабылдау өткізді, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.


Іс-шараға 600-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Халықтық саяси консультативтік кеңестің Бүкілқытайлық комитеті төрағасының орынбасары Ван Чжэнвэй, ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Ли Хуэйлай, Шэньси провинциясы губернаторының орынбасары Цзян Фэн, Орталық Әскери кеңестің, СІМ, ҚХР Коммерция министрлігінің, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың (дипломатических представительств Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Әзербайжан, Молдова, Германия, Латвия, Пәкістан, Түркия, Брунея, Сауд Арабиясы, Ауғанстан, Болгария және басқа де елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің жетекшілері), бизнестің, сарапшылық қауымдастығының, Қытайдағы қазақ диаспорасының, БАҚ-тың өкілдері сондай-ақ Қытайда тұратын қазақстандық азаматтар (ұлттық компания қызметкерлері, студенттер, Шанхай, Сиань, Үрімжі және басқа да қалалардың тұрғындары) бар.  
 


Қазақстан әнұраны шырқалған соң ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтың алғысөзінен кейін Халықтық саяси консультативтік кеңестің Бүкілқытайлық комитеті төрағасының орынбасары Ван Чжэнвэй жиналған қауымды құттықтады. «Қазақстан - бұл ауқымды әлеуетке және кең даму мүмкіншіліктеріне ие ел. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Қазақстан экономикалық өрлеуді жүзеге асырды. Қазіргі уақытта Қазақстанның өркендеуі және қалыптасуы үшін «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруда және «қазақстандық арманға» бет алды», - деді ол барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25-жылдығымен құттықтай отырып.
 

ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев салтанатты жағдайда Қытайдың халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесінің төрағасы, ҚР-дағы тұңғыш ҚХР Елшісі (1992-1993 жылдары), ШЫҰ тұңғыш бас хатшысы  Чжан Дэгуанға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалін табыс етті.
 

Бұдан кейін Шахрат Нұрышев пен Ван Чжэнвэй «Made in Kazakhstan» көрмесінде қойылған қазақстандық азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерімен танысты (ет, балық, бал, сүт, макарон және кондитерлік өнімдер, ұн, өсімдік майы және басқалары).  
 

Көрмеде Қазақстанның 11 өңірінен 25 компания өнімі ұсынылды. Мерекелік кеште «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі, «Дионис» шоу-балеті, «IL Canto» квартеті, опера әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Береке Еңкебаева, әншілер Расул Жармағамбетов, Болат Қанағатов, Фархат Көбиев, Ләйла Бақытнұрқызы және Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекшісі солисі Дулат Тоқановтар өнер көрсетті.
 

 

Соңғы жаңалықтар